Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 сәуір, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қазақстанда алғаш дәріхананы ашқан кім?

Қазақстанда алғаш дәріхананы ашқан кім?

Қазақстанда алғаш дәріхананы ашқан кім?
ашық дереккөзі
Мәжит Шомбалов (1873-1940) деген қазақтан шыққан дәрігер, фармацевт, мемлекет және қоғам қайраткері болған. Оба ауруымен (Covid -2019 сияқты ХХ ғасыр басындағы пандемия) күресіп, Қазақстан аумағы бойынша ең қызыл нүкте ретінде белгі болған жерлерге барып, емдеу ісімен айналысқан дәрігер.
Қазақстан бойынша емхана, аурухана ісін ашумен шұғылданған қайраткер (370 төсектік аурухана ашқан жалғыз қазақ дәрігері). Ең алғашқы дәріхананы ұйымдастырушы. Қазақстан бойынша жалғыз өзі 1910-1928 жылдары 200-ге жуық дәріханалар желісін ашқан екен.
Суреттегі үй Алматы қаласындағы ең алғашқы дәріхана. 1910 жылы ашылған. Үй де тарихи ғимарат. Астында жертөлесі бар. Ескі ғимарат әлі де сақталған.  width= Мәжит Мұхамеджанұлы да репрессияға ілініп, жазықсыз жапа шегіп, сотталып, түрмеге түскен. Тарихи тұлға дәрі жасаумен айналысқан. Ол Аққағаз Досжанова деген Алаш қызына (дәрігер, педагог) ағалық қамқорлық көрсетіп, медицина саласы бойынша ұстазы болған деген дерек бар. Мәжит Шомбалов — алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірігейі. Қазан университетінің түлегі (1899). Тарихыңды таны, оқы, дүниетанымыңды кеңейт, қазақ баласы!  

Елдос ТОҚТАРБАЙ, 

алаштанушы, балалар жазушысы