Біздің еліміздің ең әлсіз звеносы алдыңғы буын болды. Олар - қолдарынан түк келмейтін дилетанттар екенін қазір анық байқадым.
Ғылым, технология, экономика тұрмақ, тіпті журналистикада ең болмаса дайын халықаралық стандарттарды игеріп кете алмады. Сонысын білді және орнынан айрылып қалмау үшін таныстыққа, жең ұшынан жалғасуға, әке-көкелеуге көшті. Осылай ұзақ жылдар әупірімдеп өз орнын ұстап отырды. Неге олар бір орында жабысып отырды? Себебі оларды профи ретінде ешкім жұмысқа шақырмады, олар профи емес.
Соңғы 2 айда жер-жерде жаңа басшылар тағайындалды. Сол кезде, маған қоңырау шалып, әй бала (братишка), сен анау жаңа бастықтың контактілерін білесің бе, тауып берші деп, жылтыңдап звондайтын кім?
100 пайыз аға буын өкілдері. К*тке кіру технологиясын дамытқан және оны жастарға да вирус ретінде жұқтырған кім? Аға буын. Ру-руға бөлініп, быдлотірлік істеп отырған кім? Аға буын.
Негізі бізде гуманитарлық бағытта 3 жол ғана бар:
- Сен жалдамалы профисің. Бәрі сені оффер ұсынып, жұмысқа шақырады. Сен өзің таңдайсың. Себебі біліктілігің жетеді.
- Сенің өз бизнесің бар. Тәуелсізсің
- Компетенцияң да, білімің де, талантың да жоқ. Тек тамыр-таныс, жағыну, интрига арқылы күн көресің.
Қазір осы үшінші жолды таңдағандарды сіздер көп көресіздер. Неге? Себебі, оларға дауысты қаттырақ шығару керек, тез арада құттықтап үлгеру керек, тез арада звондап жіберу керек. Олардың заңды эволюциялық функциясы осы. Бірақ бұл ИБД мемлекеттің, бүкіл тарихтың уақытын ұрлайды. Елді алға жетелеудің орнына, бір орнында тұрғызып қояды.
Осы "левиафанды" қалай өлтіруге болады? Бізде жалғыз жол бар - ол жастар. Жастарды буын алмасу процессі аясында өсіріп, олардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беру керек. Аға буынды жастарға, жас басшыға звондатпау керек, олар тек кедергі келтіреді.
Жазба авторы: Айбар Олжаев
Ришат Асқарбекұлының фейсбук парақшасынан алынды