Бірін бірі ешқашан сатпаған арыстар-ай! Алаш арыстары (1900-1920) бірін бірі ешқашан сатпаған - деп жазды белгілі балалар жазушысы және алаштанушы ғалым Елдос Тоқтарбай өзінің фейсбук парақшасында.
Тек совет заманында (1920-1940) жылдардағы интеллигенциясы болмаса, Алаш рухында тәрбиеленген азаматтар ешқашан опасыздыққа барған емес.
Алматы абақтысында 1932 жылдың жазына дейін қамауда жатқан алаш арыстарының ішінде қайраткер Халел Досмұхамедұлының ерлік істері бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуге тұрарлық мысал.
1931 жылы ОГПУ тергеушісіне берген жауабында Х.Досмұхамедұлы былай деп жазады:
“ … За направление журнала «Сана» отвечают Гос. Ученый совет, киргизкая (казахская) научная комиссия и отвечаю я, как ответственный и фактический редактор. Ауэзов и Кеменгеров, насколько помню, в журнале и вообще в работе киргизкой (казахской) научной комиссии участия не принимали. Кеменгерова тогда в Ташкенте не было… Ауэзов, Кеменгеров и Искаков после размежевания работали в газетах и журналах”.Бұл жерде қайраткер Халел бар ауыртпалық жүгін мойнына алып, өзінің қаламдас інілерін қалайда аман сақтап қалғысы келгенін байқаймыз” (ф.ғ.к. Қайырбек Кемеңгер). Алаш арыстарының өнегелі өмірі ұқтырар тәлім — біріңді бірің сатпау, бір-біріңе қашанда әділ әрі адал болу. Міне, бұл өзегі ділмен, дінмен суарылған қасиетті идеяның мықтылығы. Алаш тәрбиесін алған адам ешқашан жаман болмайды.
(Суретте Х. Досмұхамедұлы. Соңғы сурет. Түрмеде берген тергеу жауабынан алынған мәтін).
Жасасын, Алаш, жасасын!