Еуропа елдерінде білім алу аса қиын емес. Тек мықты дайындық пен өзіңе деген нық сенімділік болса жеткілікті. Еуропа елдерінде студенттерге қолайлы жағдайлар жасалған. Сонымен қатар түрлі академиялық бағдарламалар арқылы басқа да шет елдік университеттерде білім алуға болады. Атап айтсақ, Erasmus+, Erasmus Mundus және т.б. бағдарламалар жетерлік. Дегенмен маған қатты ұнағаны, қала ішінде және қалааралық транспорттың студенттерге өте қолайлы болуы. Қоғамдық ортада студенттерге түрлі жеңілдіктер қарастырылған, - деді Ерлан ШаншарханСонымен қатар біздің неліктен қазақ жастарының шет елде білім алғысы келеді деген сауалымызға, былайша жауап берді:
Менің ойымша - еркіндік. Иә, расымен де біздің жастар еркіндікті жақсы көреді. Сол арқылы олар өздерін шет елде еркін сезіне алады. Жалпы шет елде білім алудың артықшылықтары өте көп. Ең бірінші артықшылығы - ол адамға үлкен жауапкершілікті танытады. Жастар жауапкершіліктің не екенін түсіне бастайды. Себебі жаңа қоғам, жаңа орта - жаңа түсінік пен жаңа ойлау дағдысыны қалыптастырады, - деді отандасымыз.Сонымен қатар Ерлан бізге шет елдегі қазақ жастарының студенттік өмірі жайлы да біраз қызықты ақпараттарымен бөлісті.
Білім - ол шекарасы жоқ үлкен күш! Білім - жер, ел, тіл таңдамайды. Егер кез-келген адам білім аламын десе, шекара асып, тіпті мұхит асып білім алуға мүмкіндігі өте жоғары. Белгілі бір қоғамда қысылып, ой өрісін тарылтып, менің қолымнан ештеңе келмейді деген түсініктен қашу керек деп ойлаймын. Мен Румынияда білім алдым, сонымен қатар түрлі академиялық бағдарламалар арқылы Чехия, Австрия, Венгрия және Тайвань елдерінде де білім алуға мүкіндік алдым. Сол бағдарламалар арқылы түрлі халықаралық іс-тәжірибен де өтудің сәті түсті, - деді Ерлан Шаншархан.Сұхбат барысында Ерлан Шаншархан Еуропада білім беру мен біздің еліміздің білім беру сапасы бойынша артықшылықтарымен де бөлісті.
Еуропада білім алу - ол ерекше шабыт береді. Ең негізгі талап - академиялық адалдық. Егер білім алғың келсе, шынайы түрде, практика жүзінде білім аласың. Менің білім алған ортам - тек шетелдік студенттерден құралған топ болды. Сонымен қатар мен шет елдік достарымнан көптеген тілдерді меңгеріп алдым. Ол - мен үшін үлкен тәжірибе болды. Қазіргі таңда мен 8 - ге жуық түрлі шет ел тілдерін меңгердім десем, артық емес, - деді Ерлан.
Тілші БАЛА