«Прогресс бір орында тұрған жоқ, күн сайын әлемде өмірді түбегейлі өзгертетін көптеген маңызды жаңалықтар орын алып жатыр және біздің университет бұл үдерістен шет қалмауы керек», - деді конференцияға қатысушыларды құттықтау сөзінде «Астана медицина университеті» КеАҚ басқарма төрағасы - ректоры Камалжан Надыров. «Біз қазақ ғылымының өркендеуіне қолайлы жағдай жасап, студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға шақырамыз».Айта кету керек, Астана медицина университеті қазақстандық ғылымның дамуына зор үлес қосып, бүгінгі таңда бірқатар маңызды ғылыми жаңалықтарға ие. Бүкіл университеттің даму тарихында оның қабырғасында әлеуметтік маңызы бар аурулардың диагностикасы мен емдеуін, алдын алу мен оңалтуды жақсартуға бағытталған көптеген әзірлемелер жасалды. Өткен жылдың өзінде университет ғалымдары 25 ғылыми жобаға қатысып, 61 өнертапқыш куәлігін және 11 ғылыми әзірлемеге патент алды. 2021 жылы университет ғалымдарының 80-нен астам ғылыми жарияланымдары Scopus және Web of Science дерекқорларында индекстелетін жетекші рецензияланатын халықаралық журналдарда жарияланды. Сонымен қатар,студенттер мен жас ғалымдарды ынталандыруқұралы болып саналатын биыл университетте құрылған Ғылым қоры рецензияланатын халықаралық журналдарда жарияланымдар үшін 3 миллион теңгеге дейін төлемдерді қарастырады. Іс-шара соңында жүлделі орындарға ие болған студенттер мен жас ғалымдарды марапаттау, сондай-ақ «Астана медицина университетінің құрметті профессоры» атағына ие болған университет қызметкерлерін марапаттау жоспарда бар.
Тілші бала