Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
11 сәуір, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Ысқақ Егембердиев «Айқын-Литер» ЖШС басшысы болып тағайындалды

Ысқақ Егембердиев «Айқын-Литер» ЖШС басшысы болып тағайындалды

Ысқақ Егембердиев «Айқын-Литер» ЖШС басшысы болып тағайындалды
ашық дереккөзі
Журналист Ысқақ Егембердиев Nur Media медиахолдингіне қарасты «Айқын-Литер» ЖШС директоры болып тағайындалды, деп хабарлады newsroom.kz порталы Elorda.info. сайтына сілтеме жасап. Ысқақ Егембердиев​ 1983 жылы дүниеге келген. Білімі - жоғары. Экономика магистрі, PhD докторанты. 2000-2004 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетін бітірген. ​ Одан кейін​ 2005-2007 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесін алған. Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ​ «Сарыарқа», «Мысты өңір»​ ​ ​ ​ газеттерінде тілші болып бастаған. 2003-2004 ж.ж.​ «Қазақ университеті»,​ «Жас Алаш»​ газеттерінің тілшісі қызметтерін атқарған. 2005-2019​ жылдары аралығында​ «Хабар» агенттігінде сценарист, редактор, шеф-редактор, продюсер, жоба жетекшісі болып еңбек еткен. 2019 сәуірінен бастап «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары, бас директоры қызметін атқарып келді. Мұнайлы өңірдегі жасампаздық еңбегі «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі директорының орынбасары, бас директоры болған сәттерде жоғары жетістіктерімен өрнектелді. Сондай-ақ мемлекеттік саясатты түсіндіру мен насихаттауда өзіндік елеулі орны бар холдингте дәстүрлі журналистикамен бірге интернет медиа да қарышты дамып келеді. Оған қоса серіктестік шаруашылық, өндірістік, қаржылық бағыты да жетістіктерге жетуде.  

Тілші бала