Сұлтан Қалауын заманында Мысыр мен Шам елі халықтары мен Қыпшақ мәмлүктері арасында «Елді қорғау – ердің ісі. Ерді қолдау – елдің ісі» қағидаты екі жаққа да ұтымды уағдаластық болды.
Бұл туралы Қазақстанның Мысыр Араб Республикасындағы Елшісі Қайрат Лама Шариф
өзінің фейсбук парақшасында жазды.
1062 жылы «Мың бір түн» хикаялардың басты кейіпкері Аббасидтер әулетінің халифі Харон ар-Рашид Жерорта теңізінің жағалауында Бенияс қаласының шығысында бес шақырым жерде Марғап қамалын салады.
[caption id="attachment_65098" align="aligncenter" width="650"]
Фото: facebook.com (c) Kairat Lama Sharif[/caption]
Таудың басына салынған қамал теңіз деңгейінен 370 метр биіктікте орналасқан. Марғап қамалының жан-жағы ну орманды таулармен қоршалғандықтан, әрі терең орлар қазылғандықтан, ортағасырларда «алынбайтын ірі әскери қамал» болып саналған.
Дей тұрғанмен, жарты ғасыр өткеннен кейін көптен бері көз тігіп отырған крест жорықшылары бұл стратегиялық маңызы зор әскери қамалды басып алады. Аюбиттер әулетінің негізін қалаушы Салахаддин әл-Аюбидің өзі Марғап қамалын крест жорықшыларынан тартып ала алмайды.
1285 жылы пайғамбар жасына келген Сұлтан Қалауын «Мәмлүктер үшін алынбайтын қамал жоқ!» деп ұран тастап, Марғап қамалының осал жерлерін тауып алып, крест жорықшыларымен кескілескен шайқаста жеңіске жетеді. Сириялықтар осы күнге дейін Сұлтан Қалауын бастаған Қыпшақ мәмлүктерінің жойқын ерліктерін аңыз қылып айтады екен.