weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
10 сәуір, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ресейден тұрмыстық техника әкеле жатқан жүк көлігі өртенді

Ресейден тұрмыстық техника әкеле жатқан жүк көлігі өртенді

Ресейден тұрмыстық техника әкеле жатқан жүк көлігі өртенді
ашық дереккөзі
Жүргізуші өзімен бірге көліктің құжаттарын алып үлгерген деп жазады newsroom.kz порталы sn.kz Түркістан облысындағы тас жолда Ресейден Тәжікстанға бет алған ауыр жүк көлігі өртеніп кетті. Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға түнгі сағат 21:00 шамасында болған. Бәйдібек аудандық полиция бөліміне Самара-Шымкент тасжолының 73-шақырымында, яғни Жиенқұм ауылының маңында жүк көлігінің жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған тергеу тобы алғашқы көмек көрсетіп, мән-жайды анықтапты. "Аталған жайт Бәйдібек аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтау үстінде. Әзірге, тәжікстандық азаматтың басқаруындағы "Вольво" маркалы ауыр жүк көлігінің тіркеме баллоны тұтанғаны белгілі болды. Өрт дер кезінде өшірілмегендіктен тұрмыстық техникасымен бірге толықтай жанып кеткен", – делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.    

Тілші бала