Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 сәуір, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Ливан экономикасы дағдарысқа ұшырады

Ливан экономикасы дағдарысқа ұшырады

Ливан экономикасы дағдарысқа ұшырады
ашық дереккөзі
Премьер-министр Сааде аш-Шами Ливан мемлекет ретінде және оның орталық банкі банкротқа ұшырады деп жазады newsroom.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
"Ливан  банкі банкротқа ұшырап, мемлекет ретінде экономикасы құлдырады. Дегенмен, біз халық үшін шығындарды барынша азайтуға тырысамыз," - деді Аль-Шами.
Оның айтуынша, шығын мөлшері Мемлекет, Ливан Банкі, мен салымшылар арасында бөлінеді.
"Шығындарды бөлу туралы ешқандай пікір қайшылығы жоқ", - деп қосты ол.
Ливан банкінің менеджері Риад Саляме қаржы секторындағы дағдарыс Орталық Банктің банкроттығына әкелмегенін айтты.
"Орталық банк қаржылық жағдайды тұрақтандыру және ұлттық ақша бірлігі — Ливан фунтын нығайту үшін шаралар қабылдауда. Сонымен қатар, Халықаралық Валюта Қорының көмегімен экономикалық сауықтыру бағдарламасы әзірленуде", — деп келтіреді ТАСС.
2019 жылдың аяғынан бастап Ливан мемлекеті -  валютаның құнсыздануын, сондай-ақ отын мен дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін қоса алғанда, ауыр экономикалық дағдарыспен күресуде. Елдің валютасы өз құнының 90%-ын жоғалтты, бұл адамдардың азық-түлік, су, денсаулық сақтау және білім беру сияқты негізгі тауарларға қол жеткізу қабілетіне нұқсан келтірді, ал отынның жетіспеуіне байланысты жаппай электр қуатын өшіру жиі кездеседі.