Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту мақсатында біз cookies файлдарын пайдаланамыз.
Сайтты әрі қарай қолдану арқылы сіз cookies файлдарын пайдалануға келісетініңізді растайсыз
Түркіменстанда таксистерге автокөліктің алдыңғы әйнегіне Президент Сердар Бердымұхамедовтің суретінің көшірмесін жапсырып жүруді міндеттеп жатыр деп жазады newsroom.kz порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап. Әзірге Марый уәлаятының таксистері Бердымұхамедовтің суретінің көшірмесін ілуді бастады. Осы аймақта жекеменшік көліктің жүргізушілеріне заң бойынша «такси» деген ресми белгімен халыққа қызмет көрсетуге тыйым салынған.
Сондықтан оларға жол полициясы Президенттің фотосының копиясын жапсыруды міндеттеген. Бұл жерде «таксидің белгісі» 5 манатқа (1,5 доллар) бағаланып отыр.