Ақмола облысында әйел күйеуін қызын зорлады деп айыптаған. Бұл туралы қыздың өзі айтып берген. Алайда ер адамның қорғаушысы мұны жоққа, деп хабарлайды newsroom.kz порталы kznews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ер адамның қорғаушысы әйелдің барлығын ойдан шығарып, баланы өгей әкесіне қарсы түсініктеме беруге көндіргенін айтады. Бұған ер адамның ажырасу туралы шешімі себеп болған дейді.
«Менің клиентімнің сөзінше, ол әйелінің опасыздығы жайлы біліп қойған. Ауылдың барлық тұрғындары бұл жігіттің Бирюкованың қыр соңынан жүргенін біледі. Ажырасу туралы шешім қабылдап, қорғаушы жалдаған кезде педофилия туралы мәлімдеме жасады. Мұны қызық деп ойламайсыз ба?», — дейді күдіктінің қорғаушысы Төрехан Оразбек.
Заңгер сараптама нәтижесіне сүйене отырып, зорлық белгілерінің анықталмағанын айтады. Мадина Бирюкованың үйінен алынған төсек-орын жабдығында және киімдерде ешқандай сексуалды әрекет іздері табылмаған. Қорғаушы бұл іске лингвисттің де араласуын сұрады.
Қазір іске жаңа күдікті қосылуы мүмкін. Полицияда зардап шеккен қыздың анасы өз түсініктемесін өзгертіп, жиенінен күдіктенетінін айтқан.
«Кәмелетке толмаған қызға қатысты полицияға арыз түскен күні сот-медициналық сараптама тағайындалды. Нәтижесінде қыздың терісінде және тік ішектің шырышты қабатында ешқандай патологиялық өзгерістер анықталмады. Пайда болған зақымдардың морфологиялық себептері болуы мүмкін. Кейін комиссиялық сараптама тағайындалды. Қыздан жауап алу кезінде анасы, дипломды педагог, қорғаушы және прокурор қатысты. Тергеу барысында қыздың өкілі өз түсініктемесін өзгертіп, зорлық әрекеттерін өгей әкесі емес, туыстары жасау мүмкін екенін көрсетті», — деді тергеуші Әсем Кочубаева.
Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысының тұрғыны күйеуін төрт жасар қызын зорлады деп айыптаған еді. Кішкентай қыздың айтуынша, өгей әкесі анасы үйде болмаған кезде оны бірнеше рет қорлаған.