Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
1 сәуір, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Елордада қоғамдық көлікте жолақы өсе ме

Елордада қоғамдық көлікте жолақы өсе ме

Елордада қоғамдық көлікте жолақы өсе ме
ашық дереккөзі
Қазіргі уақытта елордада қоғамдық көліктегі жолақыны көтеру мәселесі жоспарланып отырған жоқ. Бұл жайында City Transportation Systems (CTS) компаниясынан мәлім етті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
«Қоғамдық көлікте жолақы төлемін көтеру жоспарланып отырған жоқ. 2014 жылдан бері жолақысы 90 теңгені құрайды. 8 жыл бойы еш өзгерген жоқ. Әрине, 8 жылдың ішінде бәрі қымбаттады. Бірақ, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жолақының көтерілуіне жол бермейді және қоғамдық көлік шығыстарын субсидиялайды», - деп атап өтті компанияның баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар компанияның түсіндіруінше, тариф көтеру – бұл қоғамдық тыңдау өткізу, мәслихатта жолақының көтерілуін дәлелдеу сынды үлкен жұмыс. Содан кейін ғана тарифке қатысты шешім қабылданады. Ал қазіргі уақытта мұндай әңгіме қозғалып отырған жоқ.