Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
31 наурыз, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

АҚШ-та темекі қыздыру құрылғыларының адам денсаулығына әсерінің төмендегенін растады

АҚШ-та темекі қыздыру құрылғыларының адам денсаулығына әсерінің төмендегенін растады

АҚШ-та темекі қыздыру құрылғыларының адам денсаулығына әсерінің төмендегенін растады
ашық дереккөзі
АҚШ-тың азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің сапасын санитарлық бақылау жөніндегі басқарма (FDA) танымал темекі қыздыру құрылғыларының бірі дәстүрлі темекіге қарағанда адам денсаулығына аз әсер етеді деген тұжырымын растады, - деп хабарланады Philip Morris International сайтында. Осылайша, FDA осы темекі қыздыру жүйесін адам ағзасына төмен әсер ететін темекі өнімі ретінде сатуға рұқсат беріпті. 2020 жылы осы желінің өнімінің кейінгі шыққанын FDA американдық нарықта ағзаға әсері төмендетілген алғашқы темекі өнімі ретінде сатуға рұқсат берді. Ғылыми зерттеулер пакетін мұқият зерттегеннен кейін, Басқарма төмендетілген әсер туралы қарар шығару қоғамдық денсаулық сақтауды алға жылжыту мүдделеріне сәйкес келеді деген қорытындыға келді. «Рұқсат қарапайым темекіден қыздыру жүйесіне толық көшу ағзаға зиянды немесе ықтимал зиянды химиялық заттардың әсерін едәуір төмендететінін көрсететін ғылыми дәлелдердің барлық пакетін зерттеуге негізделген. Бұл ақпарат тұтынушыларға ғылыми негізделген таңдау жасауға көмектесу үшін жеткізілуі тиіс. Ересек темекі шегушілердің темекіден ғылыми негізделген, ең жақсы баламаларға ауысуы қоғамдық денсаулық сақтаудың маңызды мүмкіндігі болып табылады», - деп атап өтті FDA. FDA белгілі ғылыми дәлелдерге сүйене отырып, жаңа жүйені сатуға рұқсат берді: «Жүйе темекіні қыздырады, бірақ оны күйдірмейді. Бұл зиянды және ықтимал зиянды химиялық заттардың шығарылуын едәуір азайтады». FDA тұжырымы балама түрі дәстүрлі темекіден түбегейлі ерекшеленетінін растайды. Сондай-ақ, қазіргі темекі және никотин бар өнімдер бірдей емес екенін белгілейді. Темекіні қыздыру жүйесіне қатысты темекіден негізгі түбегейлі айырмашылығы жану процесінің болмауында, бұл қауіптерді азайтуға мүмкіндік береді. Темекі шегумен байланыстыратын аурудың дамуының негізгі себебі темекінің жану процесінде пайда болатын шайыр мен зиянды канцерогендік заттар екендігі ғылыми дәлелденген. Жоғары температура – осы зиянды заттардың пайда болуының негізгі шарты болып табылады, ал темекінің ұшында ол 800-900 градусқа жетеді. Темекі түтінімен бірге темекі шегуші 6000-нан астам түрлі заттар мен қосылыстарды жұтады, олардың көпшілігі канцерогенді. Жану процесінің болмауы есебінен жүйені әзірлеушілерге темекі түтінімен салыстырғанда зиянды заттардың 95%-ға төмендеуіне қол жеткізілді. Сонымен бірге, басқарма бұл қарар FDA тарапынан осы өнімді қауіпсіз деп «растауды» білдірмейді – денсаулыққа зиян тигізбеу үшін ең сенімді әдіс темекі шегуді толығымен тоқтату болып қала береді. Сонымен қатар, әлемнің кейбір елдерінде, соның ішінде Ұлыбритания мен Жапонияда балама түрді темекі шегумен тиімді күресу мүмкіндігі ретінде қарастырады. Олар сараланған салық салу және балама өнімдерді реттеу дәстүрлі темекіге қарағанда тұтынушылар үшін зияны аздау өнімдерді қол жетімді етуі керек деп санайды. Қазақстанда мұндай баламалы өнімдерге қатысты мәселе әлі де ашық күйінде қалып отыр.