Елордада «Білім-Инновация» ХҚҚ және «Білім Орда» ХҚҚ-ның ұйымдастыруымен Q (құндылық) talks өтті, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы
Үнемі ізденіс пен үздіксіз шыңдалудың нəтижесі əмəнда жемісті боларына сенімді ұстаздар мен «Білім-Инновация» ХҚҚ және «Білім Орда» ХҚҚ-ға қарасты мемемелер қызмет ететін өзге де мамандық иелері бас қосқан жиында бала бойына құндылықтарды сіңірудің басты қағидалары айтылды. Сахна төрінде сөз алған өз саласының үздіктері, оның ішінде балабақша тәрбиешісі, мектеп директорлары, ұстаздар, кітапханашылар мен қарапайым еден жуушыға дейін бала бойына құндылықты сіңірудің басты қағидасы – өз іс-әрекетімен үлгі болу екенін айтып өтті.
Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Нұрорда» халықаралық мектеп-лицейінің еден жуушысы «мектепті тазалап жүргенде өз ойымды да «тазалап» жүремін,себебі тазалыққа жақсылық құмар болады» деген қағиданы ұстанатынын жеткізді. Ал Өскеменнен келген кітапханашы «Ұлттың құндылығы – кітапта, мәселен, еш шетел әдебиетінен кем түспейтін Бауыржан Момышұлының кітабы – тұтас өмір мектебі екенін дәлелдеп берді» деген ой айтты.
Сонымен қатар «Бала арманына құлақ асу оның үмітін алға жетелейтінін, әр оқушыны тыңдай білуде ұстаздың қырағылығын көрсетеді» деген спикер шетелді өнерімен таңдай қақтырған оқушысын сахна төріне шығарып, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Ал Атырау ер балаларға арналған «Білім-Инновация»лицейінің ұстазы ата-анамен дұрыс қарым-қатынас орнатудың кілтін өз қолымен ас әзірлеу арқылы тапқанын айтты. Соның нәтижесінде ешқашан ас бөлмеге кіріп көрмеген оқушы анасына ас әзірлеп,қатты таңғалдырған.
Сондай-ақ ұлты орыс оқушы баланың домбырамен ән шырқап, қазақ тілінде пікірін ұғынықты жеткізуі көпшілікті тәнті етті. Q talks-қа қатысқан меймандар жобаға сәттілік тілеп, шараның барлық мектепте жалғасын табауына тілек білдірді.
«Бүгінгі Q Talks-қа қатысушылар әртүрлі жастағы және әртүрлі жүктемеде жұмыс істейтін спикерлер болды. Олар – мектеп басшысы, мұғалімі, білім алушысы, мектептің кіші қызметкері және кітапханашысы, тіпті мектеп түлегі де бар. Әрқайсысы түрлі тақырыпта ой қозғап өз тәжірибелерін бөлісті. Әйтсе де бүкілінің пікірі негізгі бір ойда түйісті. Ол – адамның адамгершілік қасиетін алға тарту және адами құндылықтардың нәтижесінде қол жеткізген жетістіктері. Барлығы болашақ ұрпақтың тәрбиесінде ең маңыздысы өн бойына түйген адамгершілік қасиеттер екенін ұқтырды.Осы Q Talks жобасы арқылы мұғалім мен оқушының, басшы мен қызметкердің ұйыған айрандай бір шаңырақ астында ынтымақтаса жұмыс істеуге болатынына куәгер болдық. Ендеше Q Talks бүгінге дейін болмаған баламасы жоқ ерекше жоба екенін нақты айта аламыз», – деді «Білім-Инновация» ХҚҚтәрбие бөлімінің бас маманы Думан Даниярұлы.
«Мен қазақ тілін балабақшадан бастап үйрене бастадым және қазақ мектебіне бардым. Бұған себеп менің тіл үйренуге деген қызығушылығымды ата-анам ерте жаста байқап, үнемі қолдау көрсетіп келеді. Мен өз ойымды қазақ тілінде еркін жеткізе аламын, сонымен қатар қазақ халқының ұлттық аспабы домбырада ойнағанды ұнатамын. Домбырамен бірнеше күй тарта аламын және бірнеше қазақ әнін орындап жүрмін. Сонымен қатар, Алтай тіліндегі өлеңдерді де домбырамен айтып беремін. Менің бала кезден арманым – ұшқыш болу. Ұшқыш болу үшін қазірден бірнеше тілдерді әсіресе ағылшын тілін және математика сабағын жетілдіріп келемін», – дедіNURORDA мектеп-лицейінің 6 В сынып оқушысы ЗахарПалаткин.
«Мені ата-анам үш-төрт жас шамасында үлкен дүкенге апарған кезде бір әуен ерекше ұнап, есімде сақталып қалды. Кейін ол туралы ұмытып кеттім. Содан бастауыш сыныбында оқып жүрген кезімде жаңа жыл қарсаңында бір әуенді естіп, әлгі дауыс ерекше назарымды аударды. Бұл сол баяғы естіген әуендегі әншінің даусы еді. Ести сала бұл қандай өлең, қай әнші деп интернеттен іздестіре бастадым. Сол сәттен бастап мен джаз өлеңдеріне ерекше қызығушылық танытып келем. Қазір джаз өлеңдерінің түр-түрін білем, өзім айта алмасам да тыңдағанды ұнатамын. Бұл менің хоббиіме айналды. Қазіргі таңда бұл хоббиім менің жеке дамуыма, сабақ орындауыма, жоспар құруыма көп көмегін тигізуде»,– деді NURORDA мектеп-лицейінің 6 В сынып оқушысы ИскандерКарашуккеев.
Айта кетсек, Q Talks жобасы – құндылықтарға негізделген білім беру аясында жүргізіліп жатқан ted talks форматындағы жоба. Ted talks-тан айырмашылығы, спикерлер жеке тəжірибесін, жеке басынан өткен оқиғасын немесе өмірдегі түйген ойларын бөліседі.
Q Talks жобасының мақсаты – құндылықтарға негізделген білім беру жобасын дамыту, сондай-ақ білім жəне тəрбие беруде тың идеялар мен жаңашылдықты енгізу. Q Talks жобасы алғаш 2020-2021 оқу жылында бастап əр тоқсанда БИЛ оқушылары арасында өтеді. Q Talks жобасында бұған дейін де «Бейресми қатынастың жетістігі», «Бір өмірдің хикаясы», «Жаулап алғыш шығармалар», «Құндылықты қалай іздеп таптық», «Шынайы іштен шыққан алғыс», «Әрекетке берекет», «Аадамкершілік кәсіпке қарай таңдалмайды», «Жастай берген тәрбие жас шыбықты игендей» атты тақырыптармен өзекті мəселелер қозғалған болатын.
Q Talks жобасына мектеп басшысы, мұғалімдер, тəрбиешілер, директор орынбасарлары, мектептің педагог емес қызметкерлері, ата-аналар, түлектер мен оқушылары, тіпті мектептегі тəрбие мен оқуға тура жəне жанама қатысы бар кез келген тұлға спикер ретінде қатыса алады.