"Қазақстан және қазақ халқы өте мейірімді, ақкөңіл және де әр кезде де көмектесуге дайын тұрады. Біздің қазақ достарымыз өте көп. Университетте ағылшын тілінде білім алсақ та, қазақ тілін қоса үйреніп жүрміз. Қоғамда тілге қатысты ешқандай қиындық жоқ. Ел астанасында жергілікті тұрғындар, әсіресе жастар жағы ағылшын тілін жетік меңгерген. БІз олармен еркін қарым-қатынас жасай аламыз"- деді.Сонымен қатар шет елдік студенттер қазақтың ұлттық ойындары жайлы да ойларымен бөлісті:
"Қазақтың ұлттық ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бізге қатты ұнағаны асық ойыны және арқан тарту. Бұл ойынның тәрбиелік мәні де орасан зор. Адамның ойлау дағдысын қалыптастыратын, шыңдайтын ойын түрі болып табылады" - дедіСұхбат соңында Үндістандық студенттер қазақтың ұлттық тағамдары жайлы да біраз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар алдағы уақытта дәстүрлі түрде Наурыз мерекесін атап өтетінлерін айтты.
Тілші бала