Қанат Әуесбай жаңа қызметке барды

Қанат Әуесбай жаңа қызметке барды

ашық дереккөзі

Қанат Әуесбай халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының астаналық филиалының төрағасы боп тағайындалды. Халықаралық «Қазақтілі» қоғамыныңтөрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы Қанат Әуесбайды Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалға төраға етіп тағайындады. Журналистикада ӘУЕСБАЙДЫҢ қанаты есімімен танымал әріптесіміз көп жылдар медиа және жоғары білім саласында жемісті еңбек етіп, журналистиканы педагогикамен ұштастырып жүрген білікті маман. Ол бүгін де астаналық «Elorda-Aqparat» медиа холдингі директорының орынбасары боп қызмет етіп жүр. Жаңа қызметті Қанат Әуесбай қоғамдық негізде атқарады. Қанат Әуесбай журналист-педагог, филология ғылымдарының кандидаты. Ол әр жылдары «Қазақстан» ұлттық арнасының тілшісі, шеф-редакторы, «Atyraý» телерадиокомпаниясының директоры, жалпыұлттық қозғалыстың медиа-директоры, «Astana» телеарнасының жүргізушісі,  Елбасы кітапханасының баспасөз қызметінің аға сарапшысы боп табысты қызмет етті. Әл-Фараби қазақ ұлттық университетінің оқытушысы, Л.Гумилев Еуразия ұлттық университетінің доценті, Атыраудағы Халел Досмұхаммедұлы университетінің аға оқытушысы болды. Қанат Әуесбай- БАҚ өкілдері арасынан «Болашақ» бағдарламасымен оқыған тұңғыш журналист. Шығыс Англия университетінің түлегі (Ұлыбритания, Норвич қаласы). Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан жастар одағы «Серпер» сыйлығының иегері, БАҚ өкілдері арасындағы республикалық «Nur Sunqar» байқауының жеңімпазы, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі», ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгілерімен марапатталған. Ұлыбританияда басылып шыққан қазақ және ағылшын тіліндегі «Батыс көрген. Ұлыбритания қазақтың көзімен» кітабы авторы.  

Жүктелуде...