14 наурыздан бастап, көршілес Ресейде халық арасында кең танымал Инстаграм желісі блокталады.
Бұл туралы
rkn.gov.ru сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазып отыр.
Бұған Meta Platforms Inc компаниясының 11 наурыздағы шешімі сеп болып отыр. Ол жерде ресейліктер мен Ресей әскеріне және Путин, Лукашенколарға қатысты жаңалықтарды компанияға қарасты желілерде блоктамауы себеп болып, нәтижесінде Роскомнадзор федерация аумағында аталмыш желіні блоктау туралы жаңалықты жария етті.
Инстаграм желісінің қазіргі кездегі аудиториясын ескерер болсақ, таңнан кешке дейін сторис түсіріп, түрлі компанияларды жарнамалап ақша табатын көрші елдегі блогерлердің аккаунттарының жағдайы енді не болады екен?