Қазір есейдік, өстік. Отбасылымын. Бала-шағам қалада жұмысым бар. Бірақ ауылға көшкім келеді де тұрады. Карантин кезінде үйге қамалып қатты қиналдық. Подъездің «тас-талқанын» шығарған балаларымның балалығын аядым. Обал емес пе? Есімді білер-білмес кездегі ауыл үйдің алдында асыр салып ойнаған күндерім мыналардың қазіргі телефон шұқылаған өмірлерінің қасында нағыз балалықтың бал шағы екен ғой.Ұмытып барам, ауылым Орталық Қазақстанның алыс түкпірінде. Бүгінде аз ғана шаңырақ қалған шығар? Көп болды бармағалы. Соңғы күндері теңге арзандап, доллар тағы да қымбаттайды дейді. Ойланып жүрмін. Солтүстік облыстарға көшетін жандарға мемлекет қолдау білдіреді дейді, сулы-нулы бір ауданына көшіп кетсем бе, екен? Балаларымның болашағын да ойлаймын бірақ. Алды мектепте, арты балабақшада. Ауылға барғанда қалай болады, оның үстіне солтүстік өңір болса?! Жалпы ми қатып кетті, ағайын. Не ақыл бересіздер? Байланыс мәліметтерім сайт редакциясында.
Алмат,
Нұр-Сұлтаннан