Негізгі тартыс билеуші «Тобуро» либералды демократиялық партиясынан түскен үміткер Ли Чжэ Мин мен «Азаматтық күш» ірі оппозициялық Консервативті партияның өкілі Юн Сок Елем арасында өтеді, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап
Көптеген сауалнамаға сәйкес, екеуі де респонденттердің шамамен 40% дауысын жинап, жеңіске жету мүмкіндігіне ие. Ал өзге де сайлауға түсушілер 10%-дан төмен рейтингке ие және ашық аутсайдер болып саналады.
Корея Республикасы президентінің сайлауына 44,2 млн азамат қатыса алады. 5 және 6 наурызда өткен мерзімінен бұрын дауыс беруге қатысу ел үшін рекордтық көрсеткіш болды: екі күннің ішінде 16,3 млн сайлаушы (36,9%) өз дауысын берді.
Алдыңғы рекордтық дауыс беру 2020 жылы парламенттік сайлау кезінде тіркелді (26,7%).