1932 жылы 1 қазанда қазақтың көрнекті театр режиссері Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов дүниеге келді деп хабарлайды newsroom.kz порталы zhanaqorgan-tynysy.kz сайтына сілтеме жасап
Мәмбетов – Европа елдерінің театрларында спектакль қоюға шақырылған жалғыз қазақ режиссері. Оның «Ана – Жер-ана», «Қан мен тер» спектакльдері жалпы қазақ мәдениетінің биік деңгейін әлемге танытқан дүниелер.
Қазақстандық және бұрынғы Кеңес театр, кино және опера режиссері, педагог, қоғам қайраткері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақстанның Халық қаһарманы және ең жоғары «Отан орденінің» иегері. Астана қаласының Құрметті азаматы (2000 жыл). Мәмбетов өзінің режиссерлік өнер жолын 1957 жылы Қазақтың мемлекеттік академия драма театрында Хұсайыновтың «Ертіс жағасында» пьесасын қоюмен бастаған.