Үкімет дағдарысқа қарсы шаралар қабылдауды бастады

Үкімет дағдарысқа қарсы шаралар қабылдауды бастады

ашық дереккөзі

Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайылов Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысын өткізіп, кеден саласындағы мәселелерді талқылады деп хабарлайды Newsroom.kz порталы turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап Отырыста мәлімдеме жасаған Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратына сәйкес, қазір ҚХР-мен шекарадағы «Алтынкөл» және «Достық – Теміржол» теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

«Қазір 5 автожол өткізу пунктінің 4-еуі ашық және жүктерді қабылдап жатыр. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты ҚХР жағынан «Қалжат» өткізу пункті жабық тұр. Тараптар Қалжат-Дулаты қызметін қайта бастайтын нақты күндерді келісіп жатыр», – деді Қаржы бірінші вице-министрі.
Үкімет Қытайдан Қазақстанға «Нұр жолы» өткізу пунктінде жүктерді ауыстырып тиеу мәселесін шешкен. Ал электрондық кезек ретке келтіріліп жатыр. Бұл орайда жүк тасу қызметінің ақысы 2 есе төмендейді.

Жүктелуде...