Шипасын берсін! Саят Медеуов жол апатынан соң жансақтау бөлімінде жатыр

Шипасын берсін! Саят Медеуов жол апатынан соң жансақтау бөлімінде жатыр

ашық дереккөзі

Әнші Саят Медеуовтің жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатқаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Экспресс К" сайтына сілтеме жасап.  Бұл туралы композитор, әнші Ербол Спаналиев әлеуметтік желіде жазған.

"Саят бауырымыз жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатыр. Алладан дұға тілеп қойыңыздаршы, ағайын. Аман-есен ортамызға орал, бауырым!", - деп жазды Ербол Спаналиев.
Одан бөлек, композитор Рүстем Арсланов та өзінің желідегі парақшасына әншінің аман-есен сауығып кетуін тілеп жазба қалдырды.  />

Әзірге жол апатының қашан және қай жерде болғандығы туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, Саят Медеуов Құрманғазы атындағы ұлттық халық аспаптар оркестрі 8 наурыз мерекесіне орай ұйымдастыратын концертке қатысуы керек болған. Мерекелік кеш 4 наурызда сағат 19:00-де оркестрдің концерт залында өтеді деп жоспарланған.

Еске салайық, 2017 жылы 17 сәуірде әнші Қарасай ауданының №14 округіне Мәслихат <a href=депутаты болып сайланған болатын.

Жүктелуде...