weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
21 ақпан, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Томиристі сомдаған Альмира Тұрсын ислам дінін ұстанбайтынын айтты

Томиристі сомдаған Альмира Тұрсын ислам дінін ұстанбайтынын айтты

Томиристі сомдаған Альмира Тұрсын ислам дінін ұстанбайтынын айтты
ашық дереккөзі
Осыдан жиырма жыл бұрын Альмира Тұрсын анасымен бірге протестанттық бағыттағы христиандықты қабылдаған, деп хабарлайды  Newsroom.kz порталы Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап Қазақстандық актриса Альмира Тұрсын жеке парақшасының жазылушыларына ислам дінін ұстанбайтынын мәлімдеді. Бұған дейін актриса өгей әкесінің ұлты корей екенін айтқан еді. Осыдан кейін Альмира Тұрсынның жазылушылары өнер жұлдызы қандай дінді ұстанатынын және бұл мәселеде әкесінің ықпалы болды ма деп сұрады. 31 жастағы актриса өз дінін анасымен бірге өгей әкесі отбасына келмей тұрып таңдағанын мойындады. “Протестанттық бағыттағы христиан діні жүрегіме және жаныма жақын. Бұл менің жеке, саналы таңдауым”, – деді актриса. Сондай-ақ ол барлық дінге төзімділікпен қарайтынын және әр адамның таңдауын құрметтейтінін атап өтті.