weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
21 ақпан, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Басшылықпен түсінісе алмаған шахтерлар жұмыстан бас тартты

Басшылықпен түсінісе алмаған шахтерлар жұмыстан бас тартты

Басшылықпен түсінісе алмаған шахтерлар жұмыстан бас тартты
ашық дереккөзі
Күзембаев атындағы шахтада басшылықпен келісе алмаған 12 қызметкер жұмыстан бас тартты деп хабарлайды Newsroom.kz порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап Белгілі болғандай, «Углеспецмонтаж» кәсіпорнының жұмысшылары ереуілге шыққан. Олар жұмыс жағдайына, жалақының мөлшеріне, жарамсыз болып қалған арнайы киімдерге және өзге де мәселелерге наразылық танытқан. Жұмысшылар кеншілердің зейнет жасын төмендету мәселесін де көтерді. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаменті кәсіпорнының әкімшілігі жағдайға қатысты пікір білдірді.
«Жексенбі, 2022 жылдың 20 ақпанында тау-кен жабдықтарын бөлшектеумен айналысқан УСМ мердігерінің 12 адамы УСМ басшылығымен туындаған даулы мәселелерге байланысты жұмысты орындаудан бас тартты» деп жазылған хабарламада.
Бүгінгі таңда УСМ басшылығы келіспеушіліктерді шешу бойынша шаралар қабылдауда. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментіне қарасты кәсіпорындар, соның ішінде Күзембаев атындағы шахта штаттық режимде жұмыс істеп жатыр

Өтей Торғайұлы

turkystan.kz