1999 жылы ШҰАР дүниеге келген қандасымыз туралы қара өлеңнің қатарын бұзбай оқырман назарына жеткізуді жөн деп таптық.
Мұз бетінде сырғанаған, қарағым,
Барша әлемді
сымбатыңа қараттың.
Небір дүлдүл тайталасқан сайыста
Көкжалдарға дес бермедің, жарадың.
Мұз бетінде сырғанаған, қарағым,
Мен де саған қимастықпен қарадым.
Туған жерің жат өлкеде қалғанмен,
Адамзатқа ортақ сенің талабың.
Мұз бетінде сырғанаған, қарағым,
Мақтанымды жасыра алмай барамын,
Ана тілің , жарқын үнің тербентті,
Арналсыншы тек өзіңе бар әнім!
Мұз бетінде сырғанаған, қарағым,
Сенің де бейнең барша әлемге тарады,
Білемін мен, Димаш, Сәуле бастаған,
Бұл ғасырдың қазақтікі боларын.
Мұхтар Кәрібай
Қытайда Олимпиадада өнер көрсетіп жатқан қандасымыз Ақнар Ардаққа арналады