Бізде ғана алтын алған спортшыға 250 мың, ал, күміс пен қолаға, сәйкесінше, 150 және 75 мың доллардан береді. Тіпті, 4-ші, 5-ші және 6-шы сатыға тұрақтағандарға да сыйақы қарастырылған. Мәселен, шорт-трек шеберлері аралас эстафетатада 5-ші орын алған ед. Соған сәйкес, Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова және Яна Хан 10 мың доллардан алады. Жалпы тізімде Қазақстаннан кейін Әзірбайжан тұр. Онда чемпионға 248 мың доллар беріледі. Көрші Ресейдегі көрсеткіш 61, АҚШ-та 37, Германияда 22, Канадада 16 мың долларды құрайды.
Сіз не айтасыз, құрметті оқырман? Шетелдерде қыдыратын, бірақ Олимпиада кезінде медаль әкелетін спортшыларымызды көргенде біртүрлі сезімде болмайсыз ба?