Қаралы қаңтар (әнге арналған мәтін) Қаралы қаңтар емес, жан қаралы, ашуым, өртке орады, бар қаланы. Сөзіңнен атылған оқ — тиді бізге, көзінен қазағымның қан тамады! Қаралы қаңтар емес, ел қаралы, қиянат тағдырымды балталады. Қазақтың хақысы бар, билігіңде, Ашуым әлі менің тарқамады! Қайырмасы: Қан жұтқан қайран елді ойлайсың ба? Тағы да қасіретімді тойлайсың ба? Алдадың, тағы отыз жыл, алдайсың ба? Болды ғой, жетер, жетер, қоймайсың ба?! Болды ғой, жертер, жетер тоймайсың ба? Байлыққа басы айналған кландардың, жолына неге қарсы тұралмадың?! Қаңтардың қабағынан қан тамшылап, Ұртыңда ұлып қалды ұрандардың! Қайдасың? Қайда қалдың, дін аманда? Аспаннан қаралы күн құлағанда? Көк Туын қолына алып жас қазағым, Ақырып әділетін сұрағанда? Қайырмасы: Қан жұтқан қайран елді ойлайсың ба? Тағы да қасіретімді тойлайсың ба? Алдадың, тағы отыз жыл, алдайсың ба? Болды ғой, жетер, жетер, қоймайсың ба?! Болды ғой, жертер, жетер тоймайсың ба?
Бауыржан ҚАРАҒЫЗҰЛЫ