Бай отбасыда тумасаң пәтер алуға шамаң болмайды деген Ш-ның сөзінше италияндықтардың ипотекаға да үй алуға шамалары келе бермейді екен. Мәселен бұлар тұрып жатқан қаладағы пәтерді қайын атасы үйленген кезінде жалға алған. Сондықтан, өмір-бақи пәтер жалдап тұрады деген Ш жергілікті халықтың киім мен тамақтан және қыдырудан ақша аямайтынын байқаған.Оңтүстік Италия негізінен туризммен күн көретін көрінеді. Сол себептен де жылдың жартысында қауырт жұмыс болса, қалған жартысында кәсіп болмай қалады екен. Сондай кездерде күнкөріс болмай қалған кездерде елді сағынамын деген Ш-ның айтуынша туристік аймақтардан шықсаң қоқыс пен шашылған заттар біздің елдегідей көп кездеседі-мыс.
Одан бөлек, Еуропадағы жылу жүйесі елдегідей емес деген Ш үйлерінің суық екенін, әсіресе қыс айларында үйлері суық болатынын айтып, мүмкіндік туып жатса күйеуі екеуі балалы болмай тұрып, көшуге жайлы ел іздеп жатқандарын айтып қалды.
жазып алған,
Қоңырақын ҚАРАБАЙ