Newsroom.kz порталы - Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы және британдық Henley&Partners консалтингтік агенттігі жыл сайынғы Passport Index 2022 визалық шектеулерінің рейтингін жариялады. Бұл әр түрлі елдердің азаматтары әлем бойынша қаншалықты еркін жүре алатындығын көрсетеді деп хабарлайды vinegret.cz сайтына сілтеме жасап
Белгілі болғандай, бүгінде жапон немесе Сингапур төлқұжаттарының иесі болу тиімді. Олар әлемнің 192 елі мен аумағына визасыз кіруге жол ашады. Неміс және Оңтүстік Корея туристері үшін сәттілік аз: олар визаны қажет етпестен 190 елге бара алады.
Чехия азаматының паспорты әлемнің 185 мемлекетіне визасыз кіру құқығын береді. Республика рейтингте жетінші орынды иеленді.