Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
30 қаңтар, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

ҚР Президенті «Орталық Азия – Үндістан» саммитіне қатысты

ҚР Президенті «Орталық Азия – Үндістан» саммитіне қатысты

ҚР Президенті «Орталық Азия – Үндістан» саммитіне қатысты
ашық дереккөзі
Newsroom.kz порталы - Үндістан астанасы Нью-Делиде Үндістан Сыртқы істер министрі Субраманям Джайшанкардың шақыруымен Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Орталық Азия - Үндістан» диалогы Cыртқы істер министрлерінің 3-ші кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz сайтына сілетеме жасап Іс-шараға Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов, Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Руслан Казакбаев, Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сирожиддин Мухриддин, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов қатысты. Кездесу барысында сыртқы істер министрлері көпжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын және экономикалық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру, оның ішінде өзара сауда, инвестиция, өнеркәсіп және Үндістанмен көлік байланысын нығайту мәселелерін талқылады. Қатысушылар заманауи сын-қатерлер мен қауіп-қатерлерге бірлесіп әрекет етудің маңыздылығын атап өтті. Аймақтағы экологиялық проблемаларды шешу, трансұлттық қатерлердің алдын алу, сондай-ақ мәдени алмасуды нығайту жолдарын талдады. Орталық Азия өңіріндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылып, Диалогтың басым бағыттары белгіленді. Қазақстан делегациясының басшысы өз сөзінде елдер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап, осы форумның институционалдық тетіктерін жетілдіру, өңіраралық сауданы әртараптандыру, транзиттік бағыттар мен жасыл энергетиканы дамыту, сондай-ақ қаржы технологиясы, цифрландыру және IT индустриясы сияқты бағыттар бойынша өңірлік өзара іс-қимылды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Форумның қорытындысы бойынша «Орталық Азия - Үндістан» диалогы Сыртқы істер министрлерінің Бірлескен мәлімдемесі қабылданды. Сол күні Қазақстанның СІМ басшысы үнді әріптесі С.Джайшанкармен екіжақты келіссөздер жүргізіп, тараптар екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді, сондай-ақ елдер арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету жолдарын, оның ішінде алдағы жоғары және аса жоғары деңгейдегі іс-шаралар мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Модимен ұжымдық кездесуі өтеді деп күтілуде.