Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 қаңтар, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Бас прокуратура: ұсталғандарды өлтіру, азаптау және билікті асыра пайдалану бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды

Бас прокуратура: ұсталғандарды өлтіру, азаптау және билікті асыра пайдалану бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды

Бас прокуратура: ұсталғандарды өлтіру, азаптау және билікті асыра пайдалану бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөзі
Newsroom.kz порталы - Алматыда 24 адам қамауда заңсыз болған. Бұл туралы Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап "Бүгінде прокуратура органдарына полиция қызметкерлеріне қатысты 91 шағым түсті. Әрқайсына жауап бердік. 19 өтініште заңбұзушылық расталмады. 56-сы әлі тексеріліп жатыр. Расталған жағдалар да бар. Мысалы, 12 қаңтарда Алматы прокуратурасы заңсыз ұсталған 24 қала тұрғынын босатты. Сондай-ақ, ұсталған адамдардың өлімі, азаптау және билікті асыра пайдалану деректері бойынша істер тергеліп жатыр. Республика бойынша барлығы осындай 16 қылмыстық іс қозғалды", - деді Елдос Қилымжанов ОКҚ баспасөз конференциясында. Оның айтуынша, зорлық-зомбылық жасау және медициналық көмек көрсетпеу жағдайларын тәуелсіз тексеру үшін адам құқықтары жөніндегі уәкілге және құқық қорғау ұйымдарына ұсталғандар мен қамауға алынғандармен байланысуға рұқсат берілді. Бұдан басқа, Республикалық адвокаттар алқасымен бірлесе отырып, заң бойынша уақтылы білікті көмек көрсету, сондай-ақ қорғаушылардың мекемелерге қол жеткізуі мәселесі шешілді.
Бас прокуратураның өкілі еліміздің барлық өңірінде құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері тарапынан азаматтардың құқықтарын бұзуға жол берілген жағдайларға жедел ден қою жөніндегі мобильді топтар ұйымдастырылғанын еске салды. Осы мақсатта prokuror.gov.kz ведомстволық сайтында бас және облыстық прокуратуралардың кезекші прокурорларының телефондары қосымша жарияланған.