Роберта Мецола Еуропа парламенті басшысы болып сайланды
Роберта Мецола Еуропа парламенті басшысы болып сайланды
ашық дереккөзі
Дауыс беру қорытындысы бойынша Еуропарламенттің бұрынғы вице-спикері, Мальта елінің тумасы Роберта Мецола дауыс беру нәтижесінде Еуропарламенттің жаңа президенті болып сайланды. Оның кандидатурасын 690 депутаттың 458-і қолдады. Дауыс беру қашықтан жүргізілді деп хабарлайды DWNEWS сайтына сілтеме жасап
Роберта Мецола Еуропа парламентінің басшысы Дэвид Сассоли қайтыс болғаннан бері президенттің міндетін атқарушы болды. Роберта Мецола 43 жасында заң шығарушы орган тарихындағы осы лауазымды атқарған ең жас адам және соңғы 20 жылдағы алғашқы әйел адам.
Роберта Мецола консервативті Еуропа халықтық партиясының (ЕПП) фракциясынан шыққан. Мецола өзінің алғашқы сөзінде мальталық тілден итальян тіліне және ағылшын тілінен французшаға ауысып, бірнеше тілде сөз сөйледі.
Страсбург қаласындағы парламент отырысында ол заң шығарушыларға: «Сіздердің маған сеніп тапсырып отырған жауапкершіліктеріңіз мені қуантады», - деді. Роберта Мецола кейбір күштер «біздің құндылықтарымыз бен еуропалық принциптеріміздің шегін сынауды жалғастырады» деп ескертіп, заң шығарушы органға «тез әрі оңай орындалатын ЕО-ға сай мәселелерге қарсы күресу керек» деп ескертті.