Бейжің – 2022 : Олимпиада қарсаңында қайта өршіген Covid-19 вирусы
Бейжің – 2022 : Олимпиада қарсаңында қайта өршіген Covid-19 вирусы
ашық дереккөзі
Newsroom.kz порталы – Денсаулық сақтау органдары көпшілік баратын орындарды жауып тастау және вирус жұқтыруы мүмкін деген тұрғындарға жаппай ПТР сынақтарын жүргізу, қаладағы шиеленісті күшейту сияқты эпидемияға қарсы шараларды күшейтті, деп хабарлайды Kyodo News сайтына сілтеме жасап.
Қытай астанасы Бейжіңде 4 ақпанда қысқы Олимпиада ойындары басталады деп жоспарланған, соған қарамастан ел астанасында Ковид-19 вирусын жұқтырағандар саны артып келеді.
Covid-19 вирусының Omicron нұсқасы соңғы күндері Қытайда, соның ішінде Далянь және Тяньцзинь сияқты ірі порт қалаларында пайда болды.
Сонымен қатар, дүйсенбіден бастап Қытай билігі Бейжіңдегі қысқы Олимпиада мен Паралимпиада ойындарына қатысты билеттер сатуды шектейтінін мәлімдеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл қадам Қытайда тез тарап жатқан өте жұқпалы Omicron нұсқасымен күресу жағдайында жасалды деп мәлімдеді.