Гонконг үкіметі қалаға үй жануарларын кіргізуге жаппай тиым салып жатыр
Гонконг үкіметі қалаға үй жануарларын кіргізуге жаппай тиым салып жатыр
ашық дереккөзі
Newroom.kz порталы - Қала ішіне ұсақ жануарларды әкелуге, және хомяк, үй жануарлары дүкендерінің жұмысын тоқтатуы талап етілді деп хабарлайды CNN News сайтына сілтеме жасап
Сейсенбі күні Гонконг билігі үй жануарлары дүкеніне жүргізілген арнайы коронавирусқа қарсы тестілеу нәтижесінде дүкен қызметшісінің үй жануарларынан қауіпті індетті жұқтырғаны белігілі болған. Соның нәтижесінде қала билігі 2,000 жуық ұсақ жануарларды, соның ішінде хомяктардың көзін жоятынын мәлімдеді.
Ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және табиғатты қорғау департаментінің басшыларының айтуынша, алдағы уақытта қала ішінде хомяктарды сатуды және ұсақ сүтқоректілерді әкелуге тиым салынады.
АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының мәліметі бойынша, жануарлар коронавирустың таралуында маңызды рөл атқармайды. Бірақ Гонконг билігі жануарлар мен адамдар арасында жұғуды жоққа шығармайтындарын айтты.
«Біз дүкенші шынымен хомяктардан жұқтырған болуы мүмкін емес», - деді Эдвин Цуй, денсаулықты қорғау орталығының бақылаушысы.
«Егер сізде хомяк болса, хомяктарды үйде ұстау керек, оларды сыртқа шығармаңыз», - деді департамент директоры Леун Сиу-фай баспасөз отырысында.
Сонымен қатар билік басшылары сақтық шарасы ретінде 7 қаңтардан кейін дүкеннен хомяк сатып алған тұтынушылар қадағаланып, міндетті карантинге жатады және хомяктарды жою үшін билік органдарына тапсырылады деп мәлімдеді.