"Кейбір зардап шеккендер дәрігерлердің сұрақтарын түсінбей, мемлекеттік және орыс тілдерінде жауап бермеген. Медициналық көмек алғаннан кейін медициналық ұйымдардан рұқсатсыз кетіп, тіпті белгісіз қарулы адамдардың сүйемелдеуімен жансақтаудан шыққан жағдайлар болды", - деді ДСМ өкілі брифинг барысында.Оның мәліметінше, 2,6 мыңнан астам адам медициналық көмекке жүгінген.
"265 адам ауруханаларда. Оның 67-сі ауыр халде. Қайтыс болған 225 науқастың 175-і медициналық ұйымдарда қайтыс болды", - деді ДСМ өкілі.