Вирусолог, Новосибирск университетінің ғалымы Сергей Нетесов «омикрон» штамының басқа вирустарға тән емес үш белгісін атады.
Бұл туралы newsroom.kz порталы
zamana басылымына сілтеме жасап жазады.
Оның айтуынша, аталған вирусты жұқтырғандар жиі түшкіреді, тамағы қышиды және мұрын бітеледі.
Мұндай белгілер «уханьдік» короновируста болмаған. Сонымен қатар, «омикрон» симптомдары жеңіл өтеді дейді ғалым. Дегенмен «омикрон» әлі де толық зерттелген жоқ.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқарамасы басшысының орынбасары Жанна Пралиева «омикрон»» дельта-штамға қарағанда 70 есе жылдам тарайды. Ол жас талғамайды. Ересектерге де, жас балаларға да жұғады деп ескертеді.
«Бұл штамның ерекшелігі – ол өте тез тарайды. Сондықтан тұрғындар өздерін нашар сезінсе, тамақ ауырған жағдайда үйден шығудың қажеті жоқ. Өйткені ауру тез арада тарайды. Өте жылдам жұғады. Маска тағып жүру керек.
Ең бірінші тамақ аурудан басталады. Дене қызуы көтеріледі. Тағы бір ерекшелігі – адам тез арада шаршап, жатып қалады. Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, үйден шығудың қажеті жоқ. Егер науқаспен байланыста болғаныңызды ұқсаңыз, дәрігерге баруыңыз керек. Вирусты таратпау маңызды. Республиканың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша, бес күннің ішінде қалада аурушаңдық өссе, шектеулер қабылданады», – дейді маман.
Жарас ҚАСЫМ