Моңғолияның Ұлттық статистика комитеті 2021 жылдың қорытындысы бойынша төрт түлік малды есепке алу қорытындысын таныстырды деп жазады kaznews.mn сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.
Алдын ала қорытындылар бойынша елдегі мал басы 67,3 миллионға жеткен.
Ұлттық статистика комитетінің Ауыл шаруашылығы, қоршаған орта және өнеркәсіп статистикасы басқармасының басшысы Э.Мягмархандтың айтуынша, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 6,4 пайызға немесе 268,4 мың басқа өскен.
Жалпы жылқы саны мал басына шаққанда 4,3 млн басты немесе 6,4% -ды, сиыр – 5 млн-ды (7,6%), түйе- 453,5 мыңды (0,7%), қой-31,1 млн-ды (46,2%) және ешкі-26,5 млн-ды (39,3%) құрайды.
Өткен жылмен салыстырғанда қой саны 3,4 пайызға немесе 1 млн-ға , сиыр 6,1 пайызға немесе 288,8 мыңға, жылқы 230,1 мыңға немесе 5,6 пайызға өсті, ешкі мен түйе саны бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда керісінше кемігені байқалады, атап айтқанда ешкі 1,3 млн немесе 4,6%-ға және түйе 19,1 мыңға немесе 4,0%-ға кеміген.
Ал, Баян-Өлгий аймағының мал басы 2,7 млнға жеткен. Жылқы саны 113340, сиыр – 181908, түйе- 5879, қой-1063627 және ешкі- 1013799 басқа жеткен.