Тасмағамбетов үндеу жасады

Тасмағамбетов үндеу жасады

ашық дереккөзі

Мемлекет қайраткері Иманғали Тасмағамбетов елімізде болған террорлық әрекеттерге қатысты өз пікірін білдірді. Ол қаза тапқан әскерилер мен полиция қызметкерлерінің отбасына көңіл айтты. Үндеу хатын Иманғали Тасмағамбетов Аbai.kz ақпараттық порталына жолдаған, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

 "Сөз жоқ, біздің ел ежелден еңбек пен ерлікті, жігер мен ерікті ту еткен текті халық. "Бас кеспек бар болса да, тіл кеспек жоқ" деп өз тілегін тілімен, сөзімен жеткізген жұрт. Сондықтан да бұл күндері кей өңірлерде басталған шерулер бейбіт сипатта, әділетті талаппен болды.
 Десе де, арнайы дайындалған арандатушылар мен содырлар жағдайды пайдаланып кетті. Салдарынан, "Тәуелсіздіктің тал бесігі" саналатын алып шаһарды қантөгістің алаңына айналдырды. Бұл жәй ғана қылмыс емес. Бұл жауыздық! Отанға, Тәуелсіздікке жасалған опасыздық! Қарапайым азаматтарымызға жасалған қатігездік!", — деді Иманғали Тасмағамбетов.

Жүктелуде...