2021 жылғы 22 желтоқсанда Алматы қаласы бойынша "Елбасы Медалі" бағдарламасына қатысып, медаль иегерлері атанған жастарды марапаттады.
Аталған шара Нұрсұлтан Назарбаев қорының Алматы қаласындағы өкілдігінің мекемесінде ұйымдастырылады. Жалпы, марапатталатындар саны – 199 қатысушы. Олардың қатарында мектеп оқушылары, студент, кәсіпкер, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар да бар. Марапат иелерінің тізімін
мына жерден көре аласыздар.
Жалпы, биылғы жылы мамыр айында бастау алған жобаға барлығы 2464 өтінім келіп түсті. Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша бағдарламада 1064 қатысушы өз бақтарын сынап отыр.
Аталған іс-шара аясында "Елбасы Медалі" жобасының белсенді жастарын, медаль иегерлерін қала басшылығы, депуттаттар, өнер азаматтары марапаттайтын болады. Былтырғы жылдың нәтижесі бойынша 261 қола медаль иегерлері наурыз айында, 15 қатысушы қазан айында марапатталған болатын. Сонымен қатар, Алматы қаласы бойынша бағдарламаның 51 медаль иегерлері мемлекеттік грант ұтып алды.
Еске салайық, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 249 қаулысы негізінде бекітілген, балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидаларын" орындау мақсатында еліміздің ең ауқымды челленджі болып саналатын "Елбасы медалі" бағдарламасы Алматы қаласы бойынша бастау алған болатын.
"Елбасы медалі" бағдарламасын "El Umiti" бастамасы аясында Нұрсұлтан Назарбаев қоры және "Елбасы академиясы" корпоративтік қоры жүзеге асыруда. Жобаны ұйымдастырудағы серіктестердің бірі - "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы және "Қазақстан жастарының конгресі" ЗТБ болып табылады.
"Елбасы медалі" бағдарламасы Қазақстанның балалары мен жастарына бағытталған, ондағы мақсат жастарды қоғам мен мемлекет өміріне белсенді қатысуға тарту болып табылады. Сонымен қатар, бағдарлама қатысушыларға өз қабілеттерін ашуға, өздерінің даму жоспарларын іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және қалыптастыруға көмектеседі.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/baykau/28846/