Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 желтоқсан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Жыл бойы жұмыс істейтін жәрмеңке елордада ашылды

Жыл бойы жұмыс істейтін жәрмеңке елордада ашылды

Жыл бойы жұмыс істейтін жәрмеңке елордада ашылды
ашық дереккөзі
Тәуелсіздік күні Пригородный елді мекенінде жыл бойы жұмыс істейтін алғашқы ауылшаруашылық жәрмеңкесі ашылды. Ауданы 7 мың шаршы метр болатын жылы орында елорданың, сондай-ақ өзге өңірлердің тауар өндірушілерінің өнімдері ұсынылады. Азық-түлік нарық құнынан төмен бағамен қойылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. Демалыс күндері таңғы сағат 8-ден кешкі сағат 5-ке дейін жұрт жәрмеңкеде Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының тауар өндірушілерінің, сондай-ақ елордалық тауар өндірушілердің өнімдерін сатып ала алады.
«Мұнда бәрі өте жақсы ұйымдастырылған, базар іші жылы әрі жайлы, келушілер көп», – деп атап өтті елордалық Нұржамал Тұранова.
Пригородный елді мекенінің тұрғыны Гүлсім Қонарова жәрмеңкеге ет сатып алуға келді, айтуынша бағасы өте қолайлы.
«Мен ет алуға келдім. Мұнда ет арзан, базар іші өте жақсы, мұнда жиі келуге болады. Қажетті өнімнің бәрі арзан», – деді ол.
Бағалар расымен арзан. Мұнда сиыр еті – 2000 тг/кг, жылқы еті – 2200 тг/кг, қазы, жая 2500 тг/кг сатылады.  width= «Біз көкөніс өсіреміз. Жәрмеңке туралы естіген бетте бірден өтініш бердік, енді өз өнімдерімізді осында шығарып отырамыз. Бізде көкөністің 18 түрі бар, бәрі жаңа піскен және бағалары да қолайлы», – деді сатушы Рүстем. Айта кетейік, жәрмеңкеде азық-түлік өнімдерінің барлық түрі – сүт, бакалея, шұжық, ұн, жаңа ауланған балық және т.б. сатылады. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=p3wk7RDrpmw&feature=emb_title[/embed] Жәрмеңке санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі. Келушілер бетперде тағуы, қол гигиенасын, әлеуметтік қашықтықты сақтауы керек. Бұдан әрі жәрмеңке апта сайын әр сенбі және жексенбі күндері мына мекенжайда өтеді: Пригородный елдімекені, Арнасай көшесі, 109 ғимарат.