Белоруссия батыс санкциясының салдарынан қайта қаржыландыру кезінде туындайтын қиындықтардан қорғану үшін 3,5 млрд доллар несие сұрауы мүмкін.
Бұл туралы
lenta.ru сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады.
Минск тарапының вице-премьері Николай Снопковтың сөзінше «қазіргі уақытта Ресей Федерациясының Мемлекеттік қаржы кредитін бөле отырып, Еуразиялық тұрақтандыру және Даму Қорымен жаңа Тұрақтандыру бағдарламасының қорытындысы пысықталуда» екен.
Вице-премьердің айтуынша, 2022 жылы Минск 3,3 миллиард доллар, 2023 жылы-4,7 миллиард доллар сыртқы қарызды сервисімен бірге төлеуі керек.