Дәл осы жерде айта кететін жайт, былтыр қуаңшылық қысқан кезде жалпақ қазаққа үндеу тастап, елді бірлікке шақырған Құрмет Талапқазы түк мемлекеттік наградасыз қалды. Шымкент қаласы әкімінің тарапынан сыйлық алғаны рас екен. Бірақ, ол Мемлекеттік сыйлық емес қой.Осы орайда newsroom.kz порталының осы мақаланы оқыған оқырмандары үшін #ҚұрметҚұрметтелсін хэштегімен арнайы акция бастауды ұсынамыз. Осылайша елді ән-күйімен немесе өлең-жырымен емес, қуаңшылық кезде халық игісіне жарайтын мал-жанның қамын ойлауымен бірлікке шақырған Құрмет Талапқазының құрметтелуіне өз үлесімізді қосайық.
Қоңырақын ҚАРАБАЙ