Бір қызық мәлімет айтайын ба? Түркия билығы қаңтар мен қараша аралығында 2 млрд 793 млн 974 мың доллардың қорғаныс және авиация өнеркәсібі өнімдерін экспортқа шығарыпты – деп жазды белгілі сарапшы әрі журналист
Амангелді Құрметұлы өзінің фейсбук парақшасында.
«Келесі жылы бұл мөлшер 3 млрд доллардан сөзсіз асып түседі деп болжаймын өз басым. Ал осы өнімдердің көбін қай ел сатып алғанына тоқталсақ, көш басында АҚШ тұр. 1 млрд 32 млн 615 мың долардың затын сатып алса керек. Одан соң Әзербайжан 192 млн 126 мың долларға қару-жарақ пен авиация саласына қажет жабдықтар сатып алыпты» - деген А. Құрметұлы «үшінші орында 180 млн 544 мың доллардың өнімін сатып алған Катар тұр» - дейді.
«Төртінші орын БАӘ-нің еншісінде. Түріктерден қорғанысқа қажет 161 млн 373 доллардың өнімін импорттапты. Германия 142 млн 816 мың доллардың өнімін алған. Бір сөзбен айтқанда түріктер қару-жарақ пен авиация нарығында орныға бастады деген сөз. Өйткені түрік өнімдерін импорттайтын ТОП-20 мемлекеттің ішінде Украина, Франция, Ұлыбритания, Қытай, Канада, Нидерланды, Үндістан қатарлы елдер де бар. Тіпті жиырмалыққа Түркіменстан мен Өзбекстан да енген. Ашхабад 37 млн 683 мың доллардың, Ташкент 29 млн 193 мың доллардың өнімін сатып алыпты. Ал Қазақстан ТОП-20 тізімінде жоқ. Демек біз Түркияның қорғаныс өнеркәсібі өнімдеріне әлі де қызықпай отырған сияқтымыз» - деген пост авторының бұл жазбасы желіде қызу талқыланған.
«Керемет статья. Ізденіс дегеннін көкесін танытыпсыз. Мәліметтер үшін размет. Енбегіңізге жеміс тілеймін» және «Қайсысы қымбат? БТР қанша тұрады? Барыс? Арма?Түркі, түркі дей бергенше бағасына да қарап қоялық» - деп қызу талқыланған пікірлер келіп түскен.