Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
13 желтоқсан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Жаңа фильмде қазақ халқының ұлттық болмысы шебер бейнеленген – Әбдірашит Бәкірұлы

Жаңа фильмде қазақ халқының ұлттық болмысы шебер бейнеленген – Әбдірашит Бәкірұлы

Жаңа фильмде қазақ халқының ұлттық болмысы шебер бейнеленген – Әбдірашит Бәкірұлы
ашық дереккөзі

«Алматы» телеарнасында «Желтоқсан – Ел Тәуелсіздігінің бастауы» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті.

Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай Алматы қаласы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасының тапсырысымен «Алматы» телеарнасында «Желтоқсан – Ел Тәуелсіздігінің бастауы» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Бұл фильмге философ-публицист Әбдірашит Бәкірұлы өз бағасын берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. Оның айтуынша, бұл фильм Желтоқсан оқиғасы қатысты түсірілген алғашқы қарлығаш. «Соңғы кездері Желтоқсан туралы фильм жарыққа шыққан жоқ. Бұл алғашқы қарлығаш. Бұл фильмді «Алматы» телеарнасының қолға алғанына өте қуаныштымын. Өйткені Желтоқсан оқиғасы да Алматыда басталды. Сондықтан біріншіден, бұл фильмнің  заңды мұрагері «Алматы» телеарнасы деп санаймын. Екіншіден, фильм алғаш рет түсіріліп тұрғандықтан, үлкен панорамдық тұрғыдан кино түсіру мүмкін емес. Бұрын түсірілген туындылардың бәрі қысқаметражды, үзік-үзік фильмдер болды. Сондықтан фильм әуел бастан үлкен мақсатта түсірілгені көрініп тұр», – дейді Әбдірашит Бәкірұлы.  />

Деректі фильмде қазақ халқының ұлттық болмысын керемет бейнеленген. Философтың айтуынша, Желтоқсанда қазақ жастарының алаңға шығуына бойдағы ар-намыс жетелеген.

<strong>«Фильмнің идеясы дұрыс құрылған. Қазақ халқының ұлттық болмысын өте жақсы бейнелеген. Негізі, қазақ ар-намысты бірінші алға қоятын халық. Сондықтан 1986 жылғы оқиға қазақ халқының ар-намысының квинтэссенциясы. Бұл шегіне жетіп төгілген көрінісі. 86-шы жылғы оқиғаға қарап отырып, қазақтың болмысы мен ар-намысы қандай деген сұраққа жауап алуға болады. Осы идея желтоқсаншылардың өз аузынан айтылған сөздер арқылы тиянақты етіп жеткізілген. Желтоқсан оқиғасына қатысқан адамдардан сұрасаңыз, бәрі «Алаңға бізді ар-намыс жетелеп алып барды» деп айтады»,</strong> – дейді публицист.

<img src=