Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
11 желтоқсан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Экс-әкім қаланы Путинград деп атауды ұсыныпты

Экс-әкім қаланы Путинград деп атауды ұсыныпты

Экс-әкім қаланы Путинград деп атауды ұсыныпты
ашық дереккөзі
Архангельск қаласының бұрынғы әкімі Александр Донской қалаға Путинград деген атау беруді ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Мәселе мынада, байланыс (Путинмен) жоқ. Президент бізде тумаған, оқымаған, өмір сүрмеген, бұл – қала үшін үлкен кемшілік. Менің идеям мынадай: кемені қалай атайсың, ол солай жүзеді. Өкінішке қарай, Архангельск үнемі күйреп тұрған қала. Кейінгі жаңалық, қала әкіміне нашар жол үшін 2 миллион рубль айыппұл салынды. Қала ескі, апаттық жағдайдағы тұрғын үйлердің саны бойынша көш бастап тұр. Меніңше, қала Путин аталса, бұл қалаға инвестициялар тартуға, Архангельск қаласын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға және туристерді тартуға мүмкіндік береді. Мұндай атауы бар қалада шенеуніктер, депутаттар нашар, жұмыс істей алмайды», – деді Донской.
Осы орайда, ол Шешенстан астанасында Путин даңғылына өтетін Қадыров даңғылы бар екенін де мысалға келтірді.
«Грозныйда Қадыров атындағы көше бар және жағдайы жақсы. Ол жерде екі рет болдым, бізге көп нәрсе үйрену керек», – деді экс-шенеунік.
Енді ол ұсынысын қалалық депутаттар кеңесі ескереді деген үмітте. Алайда журналистер Архангельск билігінің баспасөз қызметінен идеяға түсінік беруін сұрағанда, олар тіпті оны қарастырмайтындарын айтқан. Олар онсыз да қаланың «маңызды проблемалары» жеткілікті екенін түсіндіріп, тіпті бұл ақпаратты байқамағандарын жеткізді.
«Донской – жеке тұлға. Бұл тіпті әзіл түрінде де талқыланбады» деп мәлімдеді жергілікті баспасөз қызметі.