weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
10 желтоқсан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан мен Оңтүстік Корея экология мәселесін талқылады

Қазақстан мен Оңтүстік Корея экология мәселесін талқылады

Қазақстан мен Оңтүстік Корея экология мәселесін талқылады
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда сарапшылар көміртегі бейтараптығы, Париж келісімін орындау мәселелерін талқыға салды, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. Елордада Қазақстандағы Корея Республикасының елшілігі, KOICA бағдарламасы бойынша Корей жоғары оқу орындарының қазақстандық түлектер қауымдастығы (халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Корей агенттігі), Қазақстанның экологиялық ұйымдары және Халықаралық жасыл технология және инвестициялық жобалар орталығы дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Онда сарапшылар көміртегі бейтараптығы, Париж келісімін орындау мәселелерін талқыға салды. "Дөңгелек үстелдің мақсаты - 2060 жылға қарай Қазақстанның көміртекті бейтараптық стратегиясын тиімді іске асыру, Париж келісімі шеңберінде қос елдің міндеттемесін орындау, әрі жасыл экономика саласында озық тәжірибесі мен жоғары технологиясы бар Корея Республикасымен тығыз өзара іс-қимыл орнату және тәжірибе алмасу", - деп жазылған хабарламада.
Іс-шараға Мәжіліс депутаттары, Қазақстандағы Корея Республикасы елшілігінің қызметкерлері, халықаралық сарапшылар мен экологиялық ұйымдардың өкілдері қатысты.