weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
10 желтоқсан, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанда 15 млн доллар жымқырған күдікті Мәскеуде құрықталды

Қазақстанда 15 млн доллар жымқырған күдікті Мәскеуде құрықталды

Қазақстанда 15 млн доллар жымқырған күдікті Мәскеуде құрықталды
ашық дереккөзі
РБК Банк ісі бойынша іздеудегі азамат Мәскеу облысынан ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап. Мәскеу облысында агенттіктің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті іздестіріп жатқан В.Власов ұсталды. Оған қатысты «Банк РБК» АҚ-ның 15 миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі кредиттік қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген В. Власов 2018 жылдан бастап халықаралық іздеуде болатын. Қазіргі уақытта оны Мәскеу облысының ішкі істер органдары қамауға алды. Оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселесі шешіліпм жатыр.