Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
30 қараша, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

Келді! Нұр-Сұлтандағы екі ауданға газ тартылды

Келді! Нұр-Сұлтандағы екі ауданға газ тартылды

Келді! Нұр-Сұлтандағы екі ауданға газ тартылды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында елорданың екі ауданы газбен қамтамасыз етілгенін айта келе, қаланы газдандыру барысы қалай жүріп жатқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Алматы мен Сарыарқа аудандары толықтай газбен қамтылды. ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен бірлесе газ тарату желілері Интернациональный, Мичурино және Күйгенжар елді мекендеріне жүргізілді.  width= Газға көшудің артықшылықтары көп. Газ қолданыста ыңғайлы, экологиялық тұрғыда таза әрі қауіпсіз. Бүгін газға көшкен бірқатар елді мекеннің тұрғындарымен кездестік. Орташа есеппен алғанда олар 20-60 тонна көмір жұмсап келген. Үйлер газға қаншалықты көп қосылса, қала атмосферасына зиянды заттардың шығындысы соғұрлым азаяды. Қазіргі қалада 1,5 мыңнан астам отбасы газға көшті. Осының есебінен кемінде 20 мың тонна көмір жағылмай отыр. Сондай-ақ, барлық су жылыту қазандықтары ЖЭО-1 және ЖЭО-2-ге газға ауыстырылды. Бұл шаралар қала экологиясына жағымды әсер етеді. Сонымен қатар, тағы 4 мың 600 отбасы техникалық мүмкіндікке ие болды.  width= Бұған дейін Көктал-1, Көктал-2, Теміржолшылар, Промышленный, Агроқалашық, Оңтүстік-Шығыс елді мекендерінің тұрғындары газға көшу мүмкіндігін алды. 650 км-ден астам газ тарату желісі салынды.
Газдандыру – Елбасының тарихи жобасы, үш кезеңнен тұрады. Жобаны жүзеге асыра бастаған сәттен бастап әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға газға көшуге көмектесу үшін көмек көрсетіліп келеді. Басты критерий – басқа тұрғын үйдің болмауы және төрт ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы (153 872 теңге). Бұл санаттарға 90 АЕК мөлшерінде ақшалай көмек бөлеміз – бұл 260 мың теңгеден астам қаражатты құрайды. Әлеуметтік көмектің осы түрін алуға өтінімді egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы қалдыруға болады.
 width= Газдандыру процесі Мемлекет басшысының тікелей бақылауында», – деп жазды елорда әкімі.