Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
29 қараша, 2021 / NewsRoom / Жаңалықтар

О, Тәңірім! Ковидтың «омикроны» туралы не білеміз?

О, Тәңірім! Ковидтың «омикроны» туралы не білеміз?

О, Тәңірім! Ковидтың «омикроны» туралы не білеміз?
ашық дереккөзі
Африка құрлығының Боствана және ОАР елдерінде кеңінен тарап жатқан ковидтың «омикрон» атты түрі онсыз да тыншымаған әлемді дүр сілкіндіріп алды. Мұнай бағасы мен тікелей биткойнға әсер еткен омикрон туралы newsroom.kz порталы vesti.ru сілтеме жасай отырып жазады.
Аталмыш ауру түрі ковидпен бұрын ауырған, вакцина салдырған адамдарға да жұға береді. Сол үшін уақытылы ревакцинацияны уақытылы істеткен дұрыс дейді медицина мамандары.
Омикрон жұқтырған адамдарда бас ауру, түшкіру және дененің жалпылама әлсіздігі білінеді екен. Омикроннан өлген адам әлі тіркелмеген. Ғалымдар болса, бұл дерт туралы жан-жақты зерттеуде. Америкалық ғалымдар қазіргі қолданыстағы вакциналарды омикронның форматына модификациялау қиын емес деп мәлімдеген. Бұл дерттен де сақтанудың жолы ортақ: жаппай маска тағу, қолды жиі жуу һәм көпшілік орынға жиі бармау омикронның алдын-алудың бірден-бір жолы дейді сарапшылар.