Қырғызстанда билікті күшпен басып алу әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы бүгін, 26 қарашада республиканың Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚК) баспасөз орталығы хабарлаған.
«Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, елдегі билікті күшпен басып алуды жоспарлаған қылмыстық топтың жолын кесті», — делінген хабарламада. Бұған дейін елде билікті күшпен басып алуы мүмкін топтар бары айтылған екен.
2020 жылы Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс болып, билікке Садыр Жапаров келген болатын. Қырғызстанда осы уақытқа дейін төрт революция болған.